09 қыр, 2019 сағат 15:40

Ақтөбеде экономикалық тергеу департаментінің 2 қызметкері парамен ұсталды

Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің екі қызметкері ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ақтөбе қалалық мамандандырылған тергеу соты 9 қыркүйек күні ҰҚК облыстық департаментінің күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санциялау өтінішін қанағаттандырды. Ә.Құрмашев пен Ж.Қонысов Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы 4-бөлігімен күдікке ілігіп, екі ай қамауға алынды. Күдіктілер тергеу жұмыстары аяқталғанша уақытша тергеу изоляторында отырады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.