14 там, 2019 сағат 07:27

Бақытжан Сағынтаев сел қаупі төнген аумаққа барды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданындағы сел орнына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл ақпаратты әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі хабарлады.

Айта кетейік, бүгін таңертең Наурызбай ауданында Қарғалы өзені бойында аз мөлшерде сел жүрді.

Қалалық ТЖД қызметі халықты құлақтандырып үлгерді.

Кейін сел жүру қаупіне байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пункттері белгіленді.