Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы 2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
Аталған сыйлық жас қаламгерлерді қолдауға және ұлттық әдебиетті дамытуға бағытталған. Биылғы лауреаттар төмендегідей:
🔹 «Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбет марапатталды;
🔹 «Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжанов жеңімпаз атанды;
🔹 «Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке сыйлық берілді;
🔹 «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында…» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегенов марапатқа ие болды.
