Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Бүгін Қазақстанда ұлық мереке – Тәуелсіздік күні. Биыл қазақтың тәуелсіздік алғанына 34 жыл толып отыр, деп хабарлайды Ult.kz.
1991 жылы Кеңес одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып шыға бастады. Солардың арасында Қазақстан да бар еді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы кеңес "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылдады. Сол сәттен Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан зор жетістіктерге жетті және күрделі сын-қатерлерден өтті. 1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Ядролық қарудан бас тартты. Шекарасын шегендеп, жаңа астанасын салды.
