Фото: Depositphotos.com
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде өзін Венесуэланың уақытша президенті ретінде көрсеткен жазба жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Трамп өз парақшасында «Википедиядан алынғандай» скриншотпен бөлісіп, онда 2026 жылдың қаңтарынан бастап Боливарлық Венесуэла Республикасының міндетін атқарушы президенті ретінде өзінің аты-жөні көрсетілген. Скриншотта сондай-ақ оның АҚШ-тың 47-президенті екені де жазылған.
Айта кетейік, ресми деректерге сәйкес, 4 қаңтардан бастап Венесуэла президентінің міндетін Делси Родригес атқарып отыр.
Сонымен қатар, бірқатар дереккөздер 3 қаңтарға қараған түні Венесуэланың астанасы Каракаста бірнеше жарылыс болғанын хабарлады. Кейін әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпарат арналары АҚШ Әуе күштері арнайы операция жүргізіп, елдің бұрынғы басшысы Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстап, күшпен елден әкеткені жөнінде мәлімет таратты. Бұл ақпараттарға сәйкес, олар Нью-Йорктегі түрмелердің біріне қамалған делінеді.
Алайда аталған мәліметтерге қатысты Венесуэла билігі мен АҚШ тарапынан әзірге ресми растау берілген жоқ.
