Фото: Видеодан скриншот
Желіде Қазақстандағы корпоративтердің бірінде болған оқиға қызу талқылануда. Байқау қатысушыларына әзіл ретінде даяшының аяқ киімін алып келу тапсырылған. Алайда жағдай бақылаудан шығып кеткен, деп хабарлайды Ult.kz.
Куәгерлердің айтуынша, қатысушылар қызметкердің аяқ киімін күштеп шешіп алған. Салдарынан көңілді ойын жағымсыз жағдайға ұласқан.
Куәгерлер даяшы қыздың абдырап, қатты күйзеліске түскенін айтады. Оқиға көпшіліктің көзінше болғандықтан, ол өзін жайсыз сезініп, моральдық тұрғыдан ауыр қабылдаған. Көңілді байқау ол үшін қорлық пен эмоциялық күйзеліске айналған.
Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Көптеген қолданушылар мұндай «ойын-сауық» шектен шығып, қызмет көрсету саласындағы қызметкерлерге қысым көрсетуге әкелуі мүмкін екенін жазуда.
Ұйымдастырушылар тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ. Алайда желідегі талқылау жалғасуда.
