Фото: әлеуметтік желі
Журналист Руслан Өтепбай құлдықтан босап, қазіргі таңда Тараз қаласында тұрып жатқан апалы-сіңілі Құндыз бен Назгүлді жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Құндыз бен Назгүлдің жағдайынан хабар алу үшін араға төрт ай салып, Таразға келдім. Қос қарындасымды көріп, жаңа жылдарымен құттықтап, сөйлесіп қайттым. Құндыз бен Назгүл сіздерге сәлем айтып жатыр", – деп жазды Руслан Өтепбай.
Сондай-ақ журналист Қытайдан арнайы алып келген сыйлықтарын табыс еткен. Әсіресе, Құндызға сыйға тартылған микрофон ерекше қуаныш сыйлаған. Ол микрофонмен қонақтарға «Таңғы елес» әнін орындап берген.
Сонымен қатар көпшілік қыздардың қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдіріп, бұрынғы қалыптарына қайта түскенін жазып жатыр.
