12 ақп, 2026 сағат 18:06

Ресейге адыраспан әкелгендер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фото: ашық дереккөз

Ресейге адыраспан алып өткен азаматтар қатаң жазаға тартылуы ықтимал. Себебі бұл өсімдік көрші елде есірткі затына теңестірілген, деп хабарлайды Ult.kz.

Құрамында есірткі бар өсімдікті елге әкелгені үшін 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал тасымал көлемі ірі болса немесе қылмыстық топ арқылы жеткізілсе, 1 миллион рубльге дейін айыппұл салынып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.