10 ақп, 2026 сағат 11:09

Ринат Зайытов: «Мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана»

Фото: baq.kz

«Мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана» деп отыр депутат Ринат Зайытов. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ult.kz.

«Енді жаңа нұсқадағы мәтінде орыс тілі тең емес, қатар қолданылады. Түсінген адамға аз жеңіс емес. Шүкір. Ең бамстысы осы жетістікті жеңіске айналдыру үшін бізге салқынқандылық өте қажет. Жетістік — желігуді жек көреді. Ал біз әлі көп жетістікке жетуге міндеттіміз!», — дейді депутат.


«Мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана» деп сөзін аяқтады депутат Зайытов.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңа Конституция жобасының тіл туралы 9-бабында орыс тіліне қатысты тармағында «тең» сөзі «қатар» деп жазылатын болды. Яғни тең сөзін қатар сөзі алмастырады.


Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция жобасының 9-бабына өзгеріс енгізілетін болды