Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 60 ақын-жазушыға ақшалай грант табыстады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Грантқа үміткерлерді Қазақстан Жазушылар одағының комиссиясы анықтады. Грант сомасы – 500 мың теңге.
Әкім грантын алғандардың ішінде драматург Дулат Исабеков, жазушы Зейнеп Ахметова, Светлана Ананина, Қанағат Әбілқайыр, Бақыт Беделханұлы, Ақперен Елгезек, Жүсіпбек Қорғасбек және басқалары бар.
Жалпы жазушылар одағының 820 мүшесі бар, оның 360-сы Алматыда тұрады. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ұлтымыздың дамуына айтулы үлес қосқан азаматтардың еңбегі елеусіз қалмайтынын атап өтті.