07 там, 2016 сағат 20:44

Қайрат Нұртас Назарбаевтан қолтаңба алғысы келетінін айтты

"Қостанайда "Қала күніне" орай өткелі жатқан еліміздің атақты әншісі Қайрат Нұртастың жеке концерті қарсаңында баспасөз крнференциясы өтті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі Alau.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап. Әнші қостанайлықтарға алып келген "сыйын" бөлісіп, журналистердің сан түрлі сұрақтарына жауап берді.

Қайрат Нұртастың айтуынша, ол Қостанай облысында болғанды ұнатады. "Бұл менің Қостанайға бірінші рет келуім емес. Мен мұнда әрдайым қуана-қуана келемін. Қостанай және Рудный қалаларының әкімдеріне осы мерекеге мені сыйлап, мені таңдап шақырғандары үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді. Үміттеріңізді ақтаймын деген сенімдемін. Кешке әрине жаңалықтармен келемін, жаңа әндеріммен келемін. Сонымен қатар, өзімнің бишілеріммді алып келемін. Стадиондағы кешім ерекше өтпек: жанды дауыста және өзгеше стильдегі жаңа киімдермен шығамын", - деді әнші. 

 

Баспасөз конференциясы кезінде журналистер Қайрат Нұртастан көптеген қазақстандықтар қолтаңба алғысы келетінін айтып, ал әншінің өзі кімнен қолтаңба алғысы келетінін сұраған. "Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан", - деп жауап берді әнші. 

"Ұлт порталы"

http://ult.kz/