01 сәу, 2026 сағат 15:36

Мейіржан Байғонысов Президент Әкімшілігі инвестиция бөлімінің меңгерушісі болды

Фото: Ақорда

Ақорда Мейіржан Байғонысовтың Президент Әкімшілігі Инвестиция және сауда бөлімінің меңгерушісі болғанын хабарлады.

- Мемлекет басшысының өкімімен Мейіржан Нұрбекұлы Байғонысов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - делінген ақпаратта.