27 ақп, 2024 сағат 15:36

Прокатта ең көп қаржы жинаған отандық фильм белгілі болды


Kinopark кинотеатрлар желісінің негізін қалаушы Алмаз Малдыбаев Динара Сатжанға берген сұхбатында прокатта ең көп қаражат жинаған отандық фильмдерді атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, «Таптым-ау сені» фильмі екі айда 1,827 млрд теңге жинаған. «Дәстүр» фильмі бір айда 1,728 млрд теңге қаражат жинаған. Онымен сұхбат құрған журналист Динара Сәтжан бұдан бұрын әр жаңа жыл алдында Нұрлан Қоянбаевтың фильмі тұрақты түрде 1 млрд теңгеден кем ақша жинамағанын еске алады. Ал былтыр прокатта болған шетелдік фильм «Аватарға» бәрібір ешбірі жетпей тұр екен. «Аватардың» прокатында былтыр 3,5 млрд теңгеден астам қаражат жиналған.

«Қазақстанда отандық фильмдер қалайша қомақты қаражат таба бастады?» деген сұраққа Алмаз Малдыбаев былай деп жауап берді:

«Бұл - заңдылық. Бірнеше жыл бұрын біздің нарықтың әлеуеті туралы көп айтылатын. Мен сол кезде он жылдан кейін контенттің кемі 50 пайызы қазақ тілінде болатынын айтқан едім. Оңтүстік Корея, Жапония, Қытайда да біздікіндей контенттің жартысы отандық кинолар. Тіпті оларда жартысынан көп».


Сонымен бірге, 1 млрд теңгеден астам қаражат тапқан отандық туындылардың қатарында «Міржақып. Оян Қазақ» фильмі де бар.