11 жел, 2018 сағат 07:09

"Тараз – адалдық алаңы" жобасы іске қосылды

Мемлекет басшысы биылғы жолдауда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, оның ішінде алдын алу жұмыстарының маңызды екенін ерекше атап өтті.

Жалақының төмендігін, мемлекеттік органдардың қызметтерді автоматтандыруға және ақпараттық жүйелерді біріктіруге ынтасы жоқтығын жемқорлықтың белең алуының негізгі себептері деп атауға болады. Мәселенің шешімін табу  әртүрлі органдардың құзыретіне жатқандықтан қиындай түседі. Бұл мәселеге көзді жұмып қарауға болады. Алайда мұндай әрекет арқылы жағдай оң шешімін таппайды.

Азаматтық сектор өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер «Тараз – адалдық алаңы» жобалық офисінің ашылу рәсімінде осындай пікірлерді ортаға салды. Осы жерде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төраға орынбасары Айгүл Шаимовамен кездесу өтті. Төраға орынбасары мемлекет пен қоғам арасындағы кедергілерді жойып, қашықтықты қысқарту әдісі арқылы бұқараның өмір сүру сапасын арттыру жұмыстарына ерекше мән берілгенін ерекше атап өтті. Бұл ретте аталған мәселелердің оң шешімін табуда Елбасының тапсырмасымен Астана тәжірибесі бойынша жасалған «Жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы шешуші рөл ойнайды.

Аталған жоба кедергісіз, қолайлы жағдай жасап, лайықты еңбекақыны бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдайларды болдырмауға, сыбайлас жемқорлықтан бас тартудың тиімді шараларын енгізуге, ашық және ауқымды қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге, мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыру мен сот және құқық қорғау жүйесіндегі сапалы өзгерістерді қызметтік форматқа ауыстыруға бағытталған.

«Кез келген азамат өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. «Астана – адалдық алаңы» жобасына осы мақсаттарға жету көзделген»,– деп атап өтті Айгүл Шаимова.

Айтуынша, осы жобаны іске асыру барысында бас қалада көптеген қоғамның нәзік мәселелері саналатын білім саласындағы ата-аналар комитетін тарату арқылы мектептегі ақша жинау  фактілерін тоқтатып, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын тартудың жаңа тәсілдері қолға алынуда. Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық саласында қалалық қызмет көрсету орталықтарын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұнда қызмет алушы ең төменгі шығындармен  «бір өтініш» қағидасына сәйкес бір мезгілде келесі қызметтерді ала алады:

Сәулет, қала құрылысы және жер учаскелері, мемлекеттік актіні рәсімдеу және табыстау, коммуналдық қызметтермен келісімшарттарды орындау, инженерлік желілерду жүргізу.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында «Е-собес» ақпараттық жүйесіндегі ақпарат жаңартылып, басқа мемлекеттік органдардан сертификаттар жинау қажеттілігі жойылды. «Шетелдік жұмыс күші» базасы жетілдіріліп, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлерімен тікелей байланыс тоқтады. Енді бұл қызмет электрондық үкімет порталы арқылы онлайн режимде жүргізіледі.

Денсаулық сақтау саласында емханаларда қызмет көрсету сапасын жақсартумен қатар, жалған аурухана парақтарын шығару шарттары жойылды.

«Алайда, бұл жұмыстар арқылы осы жылдың аяғына дейін еліміздің барлық өңірлерінде халықтың өмірін жақсартуға бағытталған мәселелер бірден шешілмейді. Жобалық кеңселердің жұмысы басталды, біз көптеген жұмыстарды бірлесіп атқаруымыз керек. Басты міндет - сенім негізінде жұмыс жасау», – деді Айгүл Шаимова.