Фото: ашық дереккөз
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге интернет арқылы өткізілетін құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған, деп хабарлайды Ult.kz.
Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы бұл талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталды. «1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік кеңселерінің ресми деректеріне сәйкес, ол жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық қаражатты құмар ойындарға жұмсаған. Прокуратураның қадағалау актісін қарау нәтижесінде, аталған мемлекеттік қызметші лауазымынан босатылды.
