Фото: ашық дереккөз
Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде атыс болып, қарауыл бастығы қаза тапты, деп хабарлайды Ult.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, оқиға 2026 жылғы 15 наурызда әскери бөлімнің техникалық аумағында болған. Қарауылдың үшінші бекетінде ведомстволық күзеттің азаматтық қызметкері – атқыш карабиннен абайсызда оқ атып, қарауыл бастығына тигізген.
Жараланған әскери қызметкер ауыр жағдайда әскери госпитальға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті бұл дерек бойынша Жамбыл облысында әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкерінің қаза табуына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралардың нәтижесінде анықталмақ.
