10 ақп, 2026 сағат 12:02

20 миллион теңге: Шымкентте блогер кафе иесінен бопсалады деген күдікке ілінді


Фото: Видеодан скрин


Шымкентте блогер кафе иесін қорқытып, бейнежазбаларды жарияламау үшін 20 миллион теңге талап еткен күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz  КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Шымкентте кафе иесін қорқытып, ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды. Ол бір кафеге жиі келіп, ішіндегі көрген-білгенінің бәрін телефонына түсіріп жүрген.


Кәсіп иесіне түрлі "заңбұзушылықтарды" көрсетіп, тексеріс органдарынан қиындық тудырамын деп қоқан-лоқы жасаған. Алайда бейнематериалдарды жарияламау үшін өз "үнсіздігін" 20 миллион теңгеге бағалаған. Ақша берілген сәтте күдікті арнайы белгіленген купюралармен ұсталды.


Кафеде заңбұзушылықтар болған-болмағаны немесе блогердің бәрін ойдан шығарғаны әзірге нақтыланған жоқ. Шымкент полиция департаменті ресми өкілі Бағлан Исатаеваның айтуынша, қабылданған шаралардың күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.