коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай
2025 жыл қазақстандық шоу-бизнес өкілдері үшін ерекше қуанышқа толы болды.
Бірқатар танымал әнші мен актердің отбасында сәби дүниеге келіп, кейбірі алғаш
рет ата-ана атанса, енді бірі көпбалалы әке не ана атанды, деп хабарлайды
Ult.kz.
Камшат Жолдыбаева алғаш рет ана атанды
«КешYOU» тобының экс-солисі Камшат Жолдыбаева мен актер Газрет Ержановтың
отбасында қыз бала дүниеге келді. Қуанышты жаңалықты тележүргізуші Анна
Данченко әлеуметтік желіде жариялады. Жас ата-аналар әзірге сәбиді көпшілікке
көрсеткен жоқ.
Тәуекел мен Махаббат Мүсілім – үш баланың ата-анасы
Актер Тәуекел Мұсілім мен жұбайы Махаббат биыл үшінші рет ата-ана атанды.
Ерлі-зайыптылардың тағы бір ұлы дүниеге келді. Олар баланың жынысын алдын ала
АҚШ-та өткен гендер-пати арқылы жариялаған болатын.
Бүркіт пен Аиша төртінші сәбилі болды
Фото: Ашық дереккөз
Әншілер Бүркіт пен Аиша көктемде төртінші баласын дүниеге әкелді.
Ерлі-зайыптылардың енді екі ұлы мен екі қызы бар. Өнер иелерін әріптестері мен
жанкүйерлері құттықтады.
Ермек Шынболатов алғаш рет әке атанды
Фото: instagram.com/ermek_shinbolatovv
«Дәстүр» фильмінің жұлдызы Ермек Шынболатовтың отбасында ұл бала дүниеге
келді. Актер әлеуметтік желіде перзентханадан әсерлі суреттер жариялап,
қуанышымен бөлісті.
Ерке Есмахан үшінші рет ана болды
Фото: Ашық дереккөз
Жаз айында әнші Ерке Есмахан үшінші ұлын дүниеге әкелді. Сәбиге Батыр деген
есім берілді. Қазір Ерке мен RaiM отбасында үш ұл өсіп келеді.
Қайрат Нұртас бесінші рет әке атанды
Фото: Ашық дереккөз
Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың отбасында бесінші
бала – Рабия Сұлтан есімді қыз дүниеге келді. Бұл жаңалық тыңдармандар арасында
кеңінен талқыланды.
Еркебұлан Мырзабек – үш ұлдың әкесі
Фото: Ашық дереккөз
Актер әрі КВН ойыншысы Еркебұлан Мырзабек биыл үшінші рет әке атанды. Ол
қуанышты сәтімен әлеуметтік желі арқылы бөлісті.
Зангар Нұртас алғаш рет әке болды
Фото: Ашық дереккөз
Қазан айында Қайрат Нұртастың інісі Зангар Нұртас ұлды болды. Сәбиге Әміре
есімі берілді. Кейін ата-анасы немересіне «қырқынан шығару» рәсімін өткізді.
Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаровтың ұлы дүниеге келді
Фото: Ашық дереккөз
Актриса Айжұлдыз Адайбекова мен блогер Сәкен Қағаров күзде Санат есімді
ұлды болды. Жас ата-аналар перзентханадан шығу сәтін әлеуметтік желіде
көрсетті.
Ayree екінші рет ана атанды
Фото: Ашық дереккөз
Қараша айында әнші Ayree қыз баланы дүниеге әкеліп, қуанышты жаңалығын
аниме стиліндегі сурет арқылы жариялады.
Аружан Жазылбекова алғаш рет ана болды
Фото: Ашық дереккөз
«Алтын Орда» сериалының актрисасы Аружан Жазылбекова 11 қарашада қыз баланы
дүниеге әкелді. Ол жүктілігін соңына дейін көпшілікке білдірмеген.
Дидар Кәден – үш баланың әкесі
Фото: Ашық дереккөз
Актер әрі әнші Дидар Кәден биыл үшінші рет әке атанды. Әріптестері оны әлеуметтік желіде құттықтады.
Блогер Елдос Қадірханов ұлды болды
Фото: Ашық дереккөз
Танымал блогер, продюсер, әзілкеш Елдос Қадірханов пен жұбайы Таңшолпан екеуі тоғыз жыл аңсаған сәбилерін құшақтарына алды.
Назым Әбілдина екінші рет ана атанды
Фото: Ашық дереккөз
Әнші әрі тележүргізуші Назым Әбілдина тағы бір ұлды болып, сәбиге Әмірхан
есімі берілгенін хабарлады.
Айқын бесінші рет әке атанды
Фото: Ашық дереккөз
Жыл соңында әнші Айқын мен жұбайы Жұлдыз Өмірғали Ару есімді қызды болды.
Бұл – Айқынның бесінші, ал Жұлдыздың үшінші баласы.
Ақын Ақберен Елгезек қызды болды
Фото: Ашық дереккөз
Өнер жұлдыздарының талайының әніне сөз жазып жүрген ақын Ақберен Елгезек те
күні кеше Тәуелсіздік күні жақсы жаңалығын сүйіншіледі. Ақын мен оның жары
журналист Дина Елгезектің көптен күткен қуанышы кестетігерінің есімі Айшасұлу.
