17 жел, 2025 сағат 11:06

Қазақ ұлттық хореография академиясы TÜRKÜNİB құрамына енді

Фото: ҚР МАМ

Қазақ ұлттық хореография академиясы Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен жұмыс істейтін Түркі мемлекеттері университеттері одағына (TÜRKÜNİB) мүше болды, деп хабарлайды Ult.kz.

«Академияның халықаралық бірлестікке қосылуы академиялық ұтқырлықты дамытуға, білім беру және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ түркі әлемі жоғары оқу орындары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған», - делінген ақпаратта. 


TÜRKÜNİB құрамына Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Венгрияның 170-тен астам жоғары оқу орны кіреді. Одаққа Қазақстан тарапынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті және басқа да жоғары оқу орындары мүше.