15 қаң, 2026 сағат 10:21

Алдағы күндері бірқатар өңірде аяз 40 градусқа дейін жетеді

Фото: Freepik

Республика бойынша антициклон ықпалынан ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Ult.kz.

15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы 30–40 градус аязға дейін төмендейді.

Оңтүстік өңірлерде түнде 5–13 градусқа дейін аяз, ал оңтүстік-шығыс облыстарда 8–17 градусқа дейін төмендейді, таулы аудандарда 20–25 градус аяз болады.

Қазақстанның оңтүстігінде 15–16 қаңтарда негізінен жауын-шашын қатты қар түрінде түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Сондай-ақ көктайғақ болуы ықтимал.

Елдің оңтүстік-шығысында 16–17 қаңтарда қатты қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп,  көктайғақ болады.