Қазақстандық Allur автокөлік компаниясы Qazaq Tili Endowment қорына 100 млн теңге аударды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен үндес, қазақ тілін дамытуға қосылған нақты үлес. Бұл туралы Qazaq Tili Endowment қоры хабарлайды, деп жазады Ult.kz.
Қазір Qazaq Tili Endowment қорындағы қаржы 703 669 299 теңгеге жетті. Осы қаражат есебінен соңғы жылдары 100-ге жуық жоба мен іс-шара жүзеге асырылды.
Allur – 22 жылдан бері еліміздегі автокөлік өнеркәсібін дамытып келе жатқан жетекші отандық компания. Қазақстандық автонеркәсіптің жүйелі дамуына серпін беріп, ел экономикасының маңызды саласын алға жылжытып келеді.
Ана тіліміздің болашағына бей-жай қарамай, қолдау көрсеткені үшін Allur компаниясының басшылығы мен ұжымына шынайы алғыс білдіреміз!
Бастамаларыңыз сәтті, істеріңіз берекелі болсын!
