25 жел, 2025 сағат 15:54

Астанада қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанға ескерткіш тақта ашылды

Фото: Астана әкімдігі

Бүгін Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның рухына арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Сондай-ақ марқұм білім алған медициналық колледжде бір оқу аудиториясына Ұлдана Мырзуанның есімі берілді.

Колледжді үздік тәмамдаған соң Ұлдана Мырзуан төрт жыл бойы елордалық жедел медициналық жәрдем қызметінде фельдшер болып еңбек етті. Қызмет жолында ол әріптестерінің зор құрметіне, ал науқастардың шынайы алғысына бөленген.

Ескерткіш тақтаның ашылуы – медицина қызметкерінің ерлігі мен адал еңбегіне көрсетілген тағзым.