14 қаң, 2026 сағат 12:39

Атырауда 13 жасар бала баскетбол залында көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

Жасөспірім баскетбол жаттығуы кезінде көз жұмды. Оқиға қаладағы Airoom баскетбол академиясында болған.

Бала мұнда 2024 жылдан бері тұрақты түрде келіп жүрген, медициналық рұқсат қағазы да болған. Ойын кезінде есінен танып, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.