Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы 2026 жылғы еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған ораза және намаз кестесін жариялады, - деп хабарлайды Ult.kz muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Қадір түні - наурыз айының 16-нан 17-не қараған түні. Ал ораза айт - 20 наурыз.
Пітір садақасы жан басына 735 теңгені құрайды.
Қазақстанның басқа өңірлерінің ораза кестесін білу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына сілтемеден өту арқылы білуге болады.
