08 қаң, 2026 сағат 14:33

Директордың құмар ойыны: миллиондаған теңге мұғалімдерден жиналған


Фото: gov.kz


Жетісу облысында мектеп директоры мұғалімдерден жинаған ақшаны құмар ойындарға бәс тігу фактісі бойынша уақытша қызметінен шектелді, деп хабарлайды Ult.kz.


Ведомстволардың мәліметінше, 2025 жылғы 30 желтоқсанда 9 педагог директордың әрекеттеріне байланысты арыз тапсырған. Арыз 2026 жылғы 5 қаңтарда Көксу ауданы полициясына жолданған. Қазіргі уақытта заңнама талаптарына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.


Көксу ауданы білім бөлімінің бұйрығымен мектеп директорының қызметтік міндеттерін уақытша атқаруы шектелді. Алынған деректерге қарағанда, директор әріптестерінен қарызға алған ақшаны букмекерлік кеңселерде ұтыс ойындарына салған. Бастапқы есеп бойынша материалдық шығын көлемі шамамен 9 миллион теңгені құрайды, бірақ нақты жәбірленушілер саны одан көп болуы мүмкін.