02 қар, 2020 сағат 21:00

Елордада газ бағасы арзандады

Елорда тұрғындары үшін көгілдір отын бағасы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның елорда филиалы үшін тауарлық газға бағаны: қосылған құн салығынсыз 1 текше метр үшін 30,9 мөлшерінде (ҚҚС-пен 1 текше метр үшін 34,6) бекітті. Жаңа тариф 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі және бір жыл бойы осы деңгейде сақталады. 

«Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылары үшін тауарлық газды өткізудің түпкілікті бағасын есептеу кезінде, Энергетика министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген тауарлық газды көтерме саудада өткізудің қолданыстағы шекті бағалары ескерілді. 

Тариф бұдан бұрын бірқатар БАҚ-та хабарланған болжамды тарифтен төменірек қалыптасқанын атап өтеміз», - деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінен.