
Алматыдағы барлық перзентхана COVID-19 күреске дайын. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әсіресе пандемия кезінде барлық әйелге қауіпсіз босану, босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі күтім қолжетімді болуы маңызды», - деді спикерөңірлік коммуникация қызметі өткен онлайн-брифинг барысында .
Басқарма басшысы қаладағы барлық перзентханада коронавирус инфекциясы анықталған жүкті әйелдерді қабылдайтын бөлім бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, №4 перзентханаға 105 төсек орны қосылады.
«Сондықтан диагнозы расталған болса да, болашақ аналар алаңдамауы керек. Барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарын сақтайды»,- деді ол.
