Фото: ашық дереккөз
Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына сілтеме жасап, өңірде субсидиялаудың заңдылығын сақтау мәселелері бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде балық питомниктеріне заңда көзделмеген шығыстар өтелгені анықталып, 66 млн теңге көлемінде негізсіз субсидия берілген, деп хабарлайды Ult.kz.
Прокуратураның мәліметінше, қадағалау актісі негізінде облыс әкімдігіне аталған қаражатты өндіріп алу туралы сотқа талап-арыз беру міндеттелген.
2026 жылғы 28 қаңтарда Қостанай облыстық соты сот алқасы талап-арыздарды қанағаттандырып, негізсіз төленген субсидияларды қайтару туралы шешім шығарды. Сот актісі заңды күшіне енді.
