30 жел, 2025 сағат 11:01

Мемлекет басшысы биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді. Бұл туралы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазды.

«2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер орын алды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды», - делінген жазбада.


Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдады.