15 қаң, 2026 сағат 11:26

Шөбересін зорлаған 82 жастағы қарияға сот шешімі шықты

14 қаңтарда Астанада жеті жасар шөбересіне қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған қарияға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ult.kz #НеМолчиKZ қорына сілтеме жасап.

82 жастағы ер адамға ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Сотта және тергеу барысында қылмыс үстінде көрген куәгерлер жауап берді. Сондай-ақ айыпталушының кінәсі толық дәлелденді.

"2025 жылғы 5-інен 6-сәуіріне қараған түні, оқиға болған бойда, баланы сараптамаға апарар кезде біз адвокат іздеп, түні бойы кеңес алдық, бәрі қиындықсыз өтуі үшін әрекет еттік. Мұндай жағдайда тергеу кезеңінің басында-ақ тиісті органдарға жүгініп, арыз беру өте маңызды", - деген қор өкілдері бұл үкімді әділ деп санайтындарын және іске алғашқы күндері-ақ араласқан адвокатқа алғыс айтты.

#Немолчи қорының баяндауынша қылмыскер бір тәулік бойы ізін жасырып, қашып жүрген. 

"Өз атымнан және #Немолчи қоры атынан қыздың анасына оның батылдығы мен дұрыс таңдауы үшін алғыс білдіремін. Көп адам «ол қарт қой, үйді жауып, көшіп кету керек еді, қылмыстық істен бас тартуға болатын еді» деуі мүмкін. Бұл — қате пікір. Атасы болғаны үшін оған ешқандай жеңілдік жасалған жоқ. Оның үстіне, халықаралық құқық нормаларына сай, ол қылмыс үстінде ұсталғанда қашып кетіп, полиция ұстағанға дейін бір тәулікке жуық ізін жасыруға тырысқан", - деп отыр #Немолчи қоры.


Қыз әлі де ауыр жағдайда, анасына да көмек қажет екен.

"Бірақ олар бәріне төтеп берді. Анасы баласына әрдайым оның жанында, қорғаны болатынын дәлелдеді", - деді қор.