Фото: Райан Рауттың әлеуметтік желідегі парақшасынан
2024 жылғы АҚШ президенттік сайлауына екі айдан аз уақыт қалғанда Дональд Трампқа қастандық жасауға әрекеттенді деп айыпталған Райан Раут жазасын өмір бойы түрмеде өтейтін болды, деп хабарлайды Ult.kz reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Райан Раут Флоридадағы гольф алаңында бұтаның арасында жартылай автоматты винтовкамен жасырынған.
Сәрсенбі күні судьяның шешімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Аталған сайлау нәтижесінде Трамп қайтадан президент қызметіне оралған еді.
59 жастағы Раут өткен жылдың қыркүйек айында алқабилер соты тарапынан бес бап бойынша, соның ішінде адам өлтіруге оқталу айыбы бойынша кінәлі деп танылды. Сот процесі барысында ол өз-өзін қорғаушы ретінде қатысқан.
Үкімді АҚШ-тың Флорида штатындағы Форт-Пирс қаласында орналасқан округтік соттың судьясы Эйлин Кэннон шығарды.
