08 жел, 2021 сағат 13:29

Цой отбасы азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын айтты


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бес адамнан тұратын отбасына азық-түлік алуға қанша қаражат жұмсайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Журналистер Мәжіліс кулуарында министрден отбасылық бюджет туралы сұрады.

"Отбасымда 5 адам бар, азық-түлік шығындарына орташа есеппен аптасына 50-70 мың теңге жұмсаймыз. Мұның бәрі отбасылық жиын немесе басқа нәрселерге байланысты. Біз де басқалар секілді қарапайым дүкендерге барамыз. Сондықтан бұл - қалыпты жағдай", - деді денсаулық сақтау министрі.