09 қаң, 2026 сағат 11:08

Жамбыл облысында сарбаз саусағын балтамен шаппақ болған

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жазды.

Оның жазуынша, сарбаз тікелей басшысының ескертуінен кейін балтамен саусағын шаппақ болған.

Ақпаратты Қазақстанның құрлық әскерінің баспасөз қызметі растады. Сарбаз саусағын жарақаттаған.
Оқиға 6 қаңтарда гвардиялық гарнизон бөлімдерінің бірінде болған. 

«Таңертеңгі тексеріс кезінде сарбаз сол қолының саусақтарын металл затпен жарақаттады. Ол дереу ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Қазір сарбаздың жағдайы тұрақты, өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ», — деп жазылған хабарламада. 


Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын аймақтық әскери-тергеу басқармасы анықтап жатыр.

Хабарламада «жарақат басшысының ескертуінен кейін болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды» делінген.