03 ақп, 2024 сағат 09:57

Ақмола облысында сүндетке отырғызылған бала қайтыс болды

Фото: canva.com

Алдын ала болжам бойынша бала анафилактикалық шок алуы мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" inbusiness.kzке сілтеме жасап.

 

Көкшетауда 28 қаңтар күні сүндеттелген бала қайтыс болды.

"31 қаңтарда сағат 17:00 шамасында хирургқа қаралу үшін өз бетінше жүгінген. Науқас ішінің төмен жағы ауыратынына шағымданған. Баланың жағдайы ауыр болды, медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды", - делінген Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарламасында.

 

Алайда бала бір жарым сағаттан соң қайтыс болған.

Мәйіт сот медициналық сараптамасына жіберілді. Полиция тергеуді бастады.