03 ақп, 2026 сағат 16:42

Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті


Фото: istock 

Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қалыптастыру мақсатында интернет алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді, деп хабарлайды Ult.kz.


Алаяқтар Тelegram-нан кітаптардың үлкен жиынтығы қолжетімді екені жайлы шектеусіз хабарлама жібереді.


Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына "арнайы қосымша" деген атаумен вирустық файл жібереді. Файлды орнатқан кезде алаяқтар құпиясөздер мен қаражат ұрлап, хат алмасуға және фотосуреттерге қол жеткізеді.


Сондай-ақ бұл "тегін кітапхананың" салдары смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалтуға әкеп соғады. Полиция бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату қауіпті екенін еске салады.  Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық – осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары.