29 сәу, 2024 сағат 14:05

Ақмола облысында жол апатынан бес адам қаза тапты


Фото: Ақмола облыстық ПД


Ақмола облысындағы Екатеринбург-Алматы тас жолында ірі жол апаты болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» облыстық ПД сілтеме жасап. 


28 сәуірде сағат 23:51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында Атбасар қаласы бағытында келе жатқан Mercedes-Benz E200 маркалы көлік пен Жақсы ауылынан Астана бағытында келе жатқан «ВАЗ-2107» көлігі соқтығысты.


Жол-көлік апатының салдарынан 5 адам оқиға орнында қаза тапса, 2 адам әр түрлі ауырлықтағы дене жарақатын алды.


Аталған дерек бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс қозғады.