01 нау, 2024 сағат 12:21

Ақпан айында шекарада 2 559 заң бұзушы ұсталды - ҰҚК


Ақпан айында шекара кеңістігінде 2 559 ҚР заңнамаларын бұзушы ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҰҚК Шекара қызметі 2024 жылдың ақпанында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 2 559 ҚР заңнамаларын бұзушыны ұстады.

Соның ішінде 24 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін, 17 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін ұсталған.

Мемлекеттік шекара арқылы 996 заңсыз зат алып өту фактілерінің жолы кесілді, оның ішінде:

  • 54 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 60 кг жоғары;
  • 20 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (6 дана ату және 140 дана суық қаруы, 32 дана оқ-дәрі);
  • 63 факті – діни әдебиет (3 078 дана);
  • 330 факті – жалпы сомасы 8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (38 101 литр);
  • халықтық тұтыну тауарлары – 429 факті, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам;
  • шетел валютасы – 100 факті, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам.

Каспий акваториясында 18 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

  • 9,5 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
  • 109 дана (454 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 39 дана (93 кг) таза тұқымдас балықтар тәркіленді. 

Алды алынған залал сомасы 173,5 млн теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.