04 ақп, 2024 сағат 16:32

Ақтауда аққулардың жаппай қырылуы: қонақүйге қатысты бірнеше іс қозғалды

Фото: А.Садатқызы

Маңғыстаудың экология департаменті жоспардан тыс тексеру нәтижелерін жариялады.

Тексеру нәтижесі бойынша Aktau Tourism Ltd тарапынан экологиялық заңнаманың талаптары сақталмағаны анықталды, деп жазады"Лада".

Әкімшілік істер қозғалды:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 331-бабы 2-бөлігі (Ауаны қорғау және су объектілерін ластанудан және бітелуден қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуы);

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабы 1-бөлігі (Шығарындылардың технологиялық нормативтерін, төгінділердің технологиялық нормативтерін, эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтерін немесе қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін асыру, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асыру) бойынша іс қозғалды.

Мамандар қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл мөлшерін есептелуде.

Сонымен қатар, экология департаменті Қаракөл көліне ағынды суларды ағызуды тоқтата тұру, тазарту дәрежесін рұқсат етілген нормативтерге сәйкес жеткізу немесе қалалық кәрізге ағынды суларды бұру туралы ұйғарым шығарды.

Еске сала кетейік, Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылуы фактісінен кейін облыстың экология депаратаментінің мамандары Aktau Tourism Ltd құбырынан су сынамаларын алған болатын.

Қырылған аққулардың саны мыңға жуықтады деп хабарланды.