19 жел, 2023 сағат 12:49

Ақтөбе облысында жол апатынан мұғалім мен екі оқушы қаза тапты

Фото: © Pixabay.com

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан мұғалім мен екі оқушы қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облысының Білім басқармасы берген алдын ала мәлімет бойынша, 19 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 08:45-те Самара-Шымкент тасжолында, Ырғыз ауданы, Қызылжар ауылының маңында жол апаты болған.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

"Алдын ала мәліметтер мен куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапқан: Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға бара жатқан екі оқушы мен бір мұғалім", - делінген облыстық Білім басқармасы хабарламасында.

Сондай-ақ, jқиға туралы қосымша ақпарат пен басқа да мәліметтер хабарланатыны айтылды.