18 сәу, 2024 сағат 09:00

Ақтөбеде аялдамаға жарнама тақтасы құлады. Бірнеше адам жарақат алған


diapazon.kz/видео кадры


Ақтөбеде 17 сәуірде кешкісін адамдар жүретін аялдамаға билборд құлады. Оқиғадан кейін үш әйел ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды  "Диапазон" басылымы.


Оқиға Ә.Молдағұлова даңғылында, "Золотой квартал" тұрғын үй кешені ауданында болған. Аялдама төбесіне жарнамалық тақта орнату кезінде құрылыстың бір бөлігі опырылып кеткен. Аялдама төбесі әйнектен жасалған. Автобус күтіп тұрған үш әйел құлаған шатыр астында қалған.


"Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", - деді Ақтөбе облысының Полиция департаменті.