14 жел, 2023 сағат 15:49

Ақтөбедегі мектепте оқушы қайтыс болды

Фото: depositphotos.com

Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға №27 білім беру мекемесінде болған. Жетінші сынып оқушысы партаның бұрышына соғылып, құлап қалған.

"Сұмдық жағдай. Қызым бұл үшінші қабатта болғанын айтты. Ол сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырыққа шалынып, үстелдің не партаның бұрышына тамағымен соғылған", - дейді мектеп оқушыларының бірінің анасы.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты ақпаратты растады.

"13 жастағы бала мектепте құлап, үстелдің бұрышына соғылған. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Тексеру кезінде пульсация болмады, қан қысымы анықталмады, ес-түссіз жатты. Иек аймағында жарақат болды. Дереу реанимация жасалды. Сағат 11:25-те қайтыс болды", - деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.