15 қаң, 2024 сағат 09:45

Алматыда 17 жастағы қыз төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

Фото: ©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда 17 жастағы Айша Құрманбек төрт күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Бойжеткен 10 қаңтарда сағат 14:30 шамасында Талдықорған қаласынан шығып кеткен. Еріктілердің айтуынша, жоғалған қыз оңтүстік астанада.

Белгілері: бойы 176-178 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр.

Үстінде қоңыр пальто, ақ орамал, қызыл жемпір болған. Сондай-ақ қолында ұялы телефоны болған. 

"Қыздың шамамен қай жерде екені белгілі - Райымбек көшесіндегі бизнес-парк ауданы, 212. "Осы ауданда тұратын немесе жұмыс істейтіндердің барлығына өтініш білдіреміз. Суреттегі қызды мұқият қарап, жоғалғанды табуға көмектессеңіз" , - деп жазған еріктілер.