23 қаң, 2024 сағат 11:49

Алматыдағы жер сілкінісі: таудан түсірілген кадрлар

видео кадры

Алматыда түнде болған жер сілкінісі видеоға түсіп қалды. Желіде таудағы ғимараттың бірінде орнатылған камераның жазбасы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Бір минуттан аса уақытқа созылған бейнежазбадан қаланы сілкіндірген жер асты дүмпулері көрінеді. Бұл ретте кейбір аймақтарда жарық өшкені байқалады.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Арада 49 минуттай уақыт өткенде алматылықтар тағы бір жер асты дүмпуін сезді. Бірақ ол алдыңғысына қарағанда әлсіз болды.