08 жел, 2023 сағат 16:15

Алматыда «желтоқсаншыларға» бір реттік төлемді 250 мың теңгеге ұлғайту ұсынылды

Фото: Алматы әкімдігінің баспаөз қызметі

Алматыда кезектен тыс сессия барысында мәслихат депутаттары «желтоқсаншыларға» берілетін бір реттік төлемді 250 мың теңгеге ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Депутаттардың ұсынысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев жауап берді. 

«Бұл жоспар келесі жылы қаралатын болған. Алайда, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаржыны үнемдеу есебінен және «Тәуелсіздік күні» қарсаңында биыл «желтоқсаншыларға» төлемдерді ұйымдастыру мүмкіндігі қаралды. Естеріңізге салсақ, жыл сайын 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар «Тәуелсіздік күніне» орай 150 мың теңге төлем алып келді. Биыл бұл көмекті 702 адам алады», - деді Арман Қырықбаев. 

Айта кетейік, бүгінгі күні Алматыда 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрып жатыр.