04 нау, 2024 сағат 09:52

Алматыдағы базарда сауда бутиктері өртенді


Фото: ТЖМ


Алматыда "Береке" базары аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kzке сілтеме жасап.


Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, "Береке" сауда базары аумағында халық тұтынатын тауарлар сататын екі сауда бутигінде өрт шыққан.


"Өрт сағат 6:15-те оқшауланып, сағат 6:18-де сөндірілді. Өрт аумағы 50 шаршы метр болады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД.