06 мам, 2024 сағат 09:50

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

Фото: Ашық дереккөз


Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті.


 "17 қаңтар күні сағат 22.09-да Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы мен магнитудасы анықталу үстінде", – делінген  мәліметіте.


ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісінің ақпаратына сүйенсек, жер сілкінісі Алматы уақытымен 22 сағат 05 минут 49 секундта тіркелді.


Зілзала ошағы Алматы қаласынан 368 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12,7. MPV магнитудасы – 5,7. Тереңдігі – 10 шақырым.