25 қаң, 2024 сағат 10:36

"Алтын Орда" маңындағы жол апаты: жүк көлігі мен BMW бетон блоктарды бұзып өткен

видео кадры

"Алтын Орда" базары маңындағы тасжолда жүк көлігі мен жеңіл көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрлардан соқтығыс салдарынан көліктер жол бойындағы бетон блоктарға соғылғанын көруге болады.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты Алматы-Бішкек тасжолының 18-шақырымында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Shacman маркалы жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, BMW маркалы автокөлікпен соқтығысқан, содан кейін жеңіл көлік соққы инерциясынан бетон блокқа соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы дене жарақатын алып, Алматы қаласының ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп қосты полицейлер.