24 қаң, 2024 сағат 14:35

Антикор Алматы ТЖД басшысын ақтаған сот үкімімен келіспейді

Фото: Pexels

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы басшысын ақтаған сот шешіміне қарсы талап арыз береді. Бұл жайында ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукенов брифингіде айтты, - деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Руслан Қасыбаевты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі (қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша іс қозғап, айыптаған болатын. Бірақ сот оны ақтап шығарды. Біз бұл ұстаныммен келіспейміз», - деді ол.

Арман Тілеукенов Бас прокуратура да бұл іс бойынша қарсы уәж әзірлеп жатқанын айтты.

Бұған дейін аталмыш тұлға өрт сөндіру бөлімін техникалық қадағалау құжаттарынсыз қолданысқа қабылдағаны үшін жауапқа тартылған болатын.