24 мау, 2019 сағат 16:19

Арыстағы жарылыс салдарынан адасқан балаларды қайдан іздеуге болады?

Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайда адасқан балалардың суреті облыстық әкімдік сайтына жарияланып отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында тікелей эфирде өткен баспасөз брифингінде айтты.

«Тек соңғы бір сағатта 1616 адам эвакуацияланды. Әрине, ата-анасынан көз жазып қалған кішкентай балалар бар. Барлық жинау бөлімдері бойынша, Шымкенттің барлық аудандарында арнайы жұмыс тәртібін ұйымдастырдық. Адасқан балалардың фотосуреті Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына салынып отырады. Бұл арқылы баласымен қауышып жатқандар бар. Бұл жұмыстарды жалғастырамыз», - деді әкім.