Фото: ҚР МАМ
«Астана Балет» театрында «Carmina Burana» балет-кантатасы сахналанды. Бір қойылым төңірегінде оркестр, хор және балет труппасы бірігіп, өнер көрсетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Қойылым – музыка, хореография, вокал және жарық драматургиясын өмір шырғалаңы мен махаббат салтанаты туралы ауқымды синтездік шығарма. Адам баласының болмысы, жан арпалысы мен азабы көрсетіледі. Туынды Фортуна дөңгелегінің үздіксіз қозғалысы, жалындаған өмір мен жанның қайта түлеуі жайлы баяндайды.
Қоюшы-балетмейстерлер Мукарам Абубахриева (Авахри) және Тимур Загидуллин шығарманың драматургиясын ашу үшін неоклассика, contemporary және пластикалық импровизация элементтерін біріктірген көркем хореография әдісін қолданған.
Музыкалық бөлімін бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі оркестр, хор және солистер орындады. Гүлмира Құттыбадамованың жетекшілігімен хор партиялары шырқалды.
